Президент: Халық коммуналдық қызметке төлеген ақшасының қайда кетіп жатқанын көріп отыруы тиіс

Президент: Халық коммуналдық қызметке төлеген ақшасының қайда кетіп жатқанын көріп отыруы тиіс
Сурет: ашық дереккөз

Қосымша қаржы тек қана коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалуы керек. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Тарифті өсіруден түскен қосымша қаржы тек қана коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалуы керек. Сондай-ақ жаңа қуат көздерін іске қосуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге бағытталуы қажет. Монополистердің міндеті мұқият нақтыланып, толығымен орындалуы тиіс. Сондықтан Үкіметке қаржының жұмсалуын бақылайтын қатаң амал-тәсілдер енгізуді тапсырамын. Оған цифрлық бақылау жүйесін де енгізу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент бұл саладағы қаражаттың игерілуін қатаң бақылау керек екенін айтты.

«Жұрт коммуналдық қызмет үшін төлеген ақшасының қайда кетіп жатқанын көріп отыруы тиіс. Қазіргі заманғы ақпараттық технология бұған толық мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.