Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты
Сурет: Qazaqtv.com

Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері осымен үшінші жыл жинақ болып шығып отыр.

Аталған жинақта Мемлекет басшысының ішкі саяси іс-шараларда, шетелде өткен жиындарда сөйлеген сөздері және оның отандық, халықаралық мәселелерге қатысты үндеулері мен мәлімдемелері қамтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сонымен қатар кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2022 жылдардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылғы қызметінің қорытындысы ретінде осы жинақты оқырманға ұсынып отыр. Сондай-ақ жинаққа Мемлекет басшысының қатысуымен өткен іс-шараларда түсірілген суреттері берілді. Кітапта жарияланған материалдар қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құнды әрі пайдалы құжат болары анық.