Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады
Сурет: ашық дереккөз

 Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.