Президент даңқты спортшы Шавкат Рахмоновты қабылдады

Президент даңқты спортшы Шавкат Рахмоновты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президент аралас жекпе жек шеберін таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді  мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.