Прагада Қазақстан Тәуелсіздігі ерекше мерекеленді

Прагада Қазақстан Тәуелсіздігі ерекше мерекеленді
сурет: Inform.kz

Влтава бойындағы «Прага» кемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған серуен ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігінің және «Қазақстанның Достар Клубының» бірлесуімен Влтава бойындағы «Прага» кемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған серуен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Елшіліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, шақырылған қонақтардың арасында әрістер, Чех Республикасының БАҚ өкілдері және қазақ студенттері бар. Қазақстандық дипломаттар өз сөздерінде қонақтарға еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктері туралы, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кеменің арнайы мерекелік безендірілген палубасында қонақтарды ұлттық киім киген қазақстандық студенттер қарсы алды. Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған түрлі-түсті безендірілген экспозицияларды және сонымен байланысты шағын көрмені ұсынды. Еліміздің студенттері ұлттық әуендерді домбырада орындап, музыкалық концерт ұйымдастырды.