Пойыз билетінің құнын қалай қайтарып алуға болады?

Пойыз билетінің құнын қалай қайтарып алуға болады?
Сурет: интернеттен

Билетті кассадан сатып алған адам тек сол жерден кері өткізе алады.

Егер белгілі себептермен рейс тоқтатылса, билет құны 100% қайтарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

24 сағаттың ішінде қайтарылған билеттің құны да толық беріледі. Ал бұдан аз уақытта немесе пойыз жөнелтілгенге дейінгі алты сағаттан кешіктірмей қайтарып үлгерген жағдайда билет бағасы мен плацкарттың 50 пайыз ақшасын қайтарып ала аласыз.

Қала маңында қатынайтын пойыздың билетін өткізіп, ақшаны қайтаруға болады. Билетті пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағат ішінде қайтарған жағдайда жолаушыға толық жолақы беріледі, ал 24 сағаттан аз уақыт ішінде, бірақ пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағаттан кешіктірілмеген жағдайда жол жүру құнының 70 пайызы қайтарылады.

Билетті кассадан сатып алған адам тек сол жерден кері өткізе алады. Ол үшін жолаушы өзімен бірге жол жүру құжатын, жеке куәлін ала келуі керек. Ал электрондық билеттер билет сатып алынған сайттағы тұтынушының жеке кабинеті арқылы қайтарылады.

Қазақстандықтар пойыз билеті мен жол жүру ақысын қайтару үшін +7 (707) 270-36-64 телефон нөмірі бойынша WhatsApp мессенджері арқылы өтініш бере алады. Бұл нөмірде өтініштер қабылданып, жедел өңдеуге көмектеседі.