Полицейлер Жаркент тұрғынының өліміне иттің қатысы бар-жоғын анықтауда

Полицейлер Жаркент тұрғынының өліміне иттің қатысы бар-жоғын анықтауда
сурет:polisia.kz

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бүгін Жаркент қаласы көшелерінің бірінен басында жарақаттары бар 54 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Рolisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Ер адамның басындағы жарақаттар ит тістегенге ұқсайды. Ал, жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит бары анықталды. Хайуанның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болған.

Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Ит уақытша ұйқыға жіберілді. Ер адамның ажалы шынымен де иттен болған-болмағаны анықталып жатыр.