Полицейлер пәтерлі болды

Полицейлер пәтерлі болды
news.myseldon.com

Алматы қаласында 50-ге жуық полицей пәтер иелері атанды

Алматы қаласында 50-ге жуық полицей “Алматы жастары 3.0” бағдарламасы бойынша пәтер иелері атанды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен “Алматы жастары 3.0” тұрғын үй бағдарламасына қатысатын адамдар санатының тізіміне 35 жасқа дейінгі полиция қызметкерлері кіреді.

– Қазіргі уақытта ПД қызметтері мен бөлімдерінің қызметкерлері “Алматы жастары 3.0” тұрғын үй бағдарламасына қатысуға 707 өтінім берді. 349 өтініш беруші төлем қабілеттілігін растау үшін банкке жолдама алды. Бұл кезеңде барлығы 46 полиция қызметкері осы бағдарлама бойынша пәтер алды, банкте тағы 86 тәртіп сақшысының құжаттары қаралуда. Ақпарат үшін осы тұрғын үй бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілерге 1 мың тұрғын үй несиесі бөлінді, оның 170-і полиция қызметкерлеріне, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сонымен қатар полицияда 2021 жылдың 1 сәуірінде “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өнеркәсіптік аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері бойынша осы сұрақтарға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойылғандығын айтты. Заң полиция қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа жүйесіне көшуді және ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруды көздейді.

Қызметкерлердің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғын үйге меншік құқығын алу бір рет жүзеге асырылады. Тұрғын үй жәрдемақылары қатаң түрде тағайындалған және оларды басқа мақсаттарға пайдалануға болмайды.