Пикассо картинасы аукционда 67,5 млн долларға сатылды

Пикассо картинасы аукционда 67,5 млн долларға сатылды
Сурет: Inform. kz

Пабло Пикассоның 1932 жылғы «Femme nue couchée» картинасы сейсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby's дебюттік аукционында 67,5 млн долларға сатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

 Nasdaq агенттігінің мәліметінше, Пикассоның «Femme nue couchée» сюрреалистік картинасы француз тілінен «жалаңаш жатқан әйел» деп аударылған. 

Картинада оның музасы Мария-Тереза Вальтер көп аяқты теңіз жаратылысы ретінде бейнеленген. Оның жүзуге деген махаббаты мен судағы сымбаты суретшіні теңізді бейнелеуге шабыттандырған.

 Sotheby's аукцион үйінің айтуынша, Пикассоның өзі суда жүзе алмаған.