Павлодарда көлік мұз астына түсіп кетті

Павлодарда көлік мұз астына түсіп кетті
Cурет: ТЖД

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Павлодар облысында автокөлік Усолка өзеніндегі қатқан мұздың ортасындағы шұңқырға түсіп кетті. Құтқарушылар көлікті жағаға шығарып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 ақпан кешке 112 құтқару қызметіне Павлодардағы «Ertis Olympic» бассейні маңында жеңіл көлік мұз астына түсіп кеткенін хабарланған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар мұзға түсіп кеткен "Ниваны" көрген. Көлікті жүк көтергіш пен ен арқан көмегімен жағаға шығарды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Көлікті жағаға шығаруға екі автокөлік, 10 құтқарушы мен полицейлер қатысты.