Парламенттің жоғары палатасы бір күндік жалақыны Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге аударады

Парламенттің жоғары палатасы бір күндік жалақыны Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге  аударады
Сурет: Tilalemi.kz

Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен апатты ауыздықтау үшін арнайы жедел штаб құрылғаны белгілі. Үкіметке төтенше жағдай салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу және баспаналарынан айырылған азаматтарға арнап жаңа тұрғын үйлер салу жұмысын жедел бастау жөнінде тапсырма берілді.Апатпен күрес жұмыстарына парламент сенаты да өз үлесін қосады. Қостанай облысынан сайланған сенаторлар жедел штабтың жұмысына атсалысуда. Сондай-ақ сенат депутаттары зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударады», - деп жазды Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қоса, төраға осындай жағдайда бірлігімізді танытып, жұдырықтай жұмылу аса маңызды екенін айтты.