Паралимпиада: қазақстандық қос спортшы финалда

Паралимпиада: қазақстандық қос спортшы финалда
Cурет: Olympic.kz

Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден финалға өтті

Токиода Жазғы Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр. Жүзу бойынша қос қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатында Нұрали Советқанов жалпы нәтижеде 8 орынмен финалға шықты. Сондай-ақ, осы санат бойынша сынға түскен Нұрдәулет Жұмағали екі топ нәтижесінде үшінші орынмен аяқтап, финалистер қатарын толықтырды.

Айта кетерлігі, ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатындағы спортшылар финалы елорда уақытымен 16:02-де басталады.