Параойындарда алғашқы алтын жүлде паэурлифтингтен бұйырды

Параойындарда алғашқы алтын жүлде паэурлифтингтен бұйырды
Сурет: Sports.kz

 Қазақстан Ханчжоуда 2023 жылғы Азия пара ойындарының бірінші алтын медалінен кейін жүлделер есебінде ондыққа кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Sports.kz хабарлауынша, параойындардағы алғашқы «алтынды» 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыста ең мықты атанған парапауэрлифтер Дэвид Дегтярев жеңіп алды. Осы жетістіктің арқасында Қазақстан медальдық  кестеде ондыққа енді. 

Үштікті Қытай — 41 (15-15-11), Үндістан — 13 (5-6-2) және Иран — 9 (4-4-1) бастап тұр. ТМД елдері өкілдерінің арасында Өзбекстан ең үздік аралық нәтиже көрсетіп отыр - төртінші орын, тоғыз медаль (төрт алтын, бір күміс және төрт қола). Азия пара ойындары 28 қазанға дейін жалғасады.

 Естеріңізге сала кетейік, Давид Дегтярев қоржынға «алтын» салған кезде параспортшыларымыздың қордынынан бес жүлде бар еді:  бір «алтын», екі «күміс» және екі «қола».

Команда қоржына тағы бір алтын дзюдо спортынан келген болатын.