Оңтүстік Кореяда Абай ескерткіші ашылады

Оңтүстік Кореяда Абай ескерткіші ашылады
Сурет: Vechastana.kz

Абай шетелде ұлықталуда!

Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, 16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сапар аясында Президент Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарлануда.