Оқушылардың демалысы бес күнге қысқаруы мүмкін

Оқушылардың демалысы бес күнге қысқаруы мүмкін
Сурет: 24.kz

Күзгі демалыс үш күнге, ал қысқы және көктемгі демалыстар бір күннен қысқаруы мүмкін.

ҚР Білім және ғылым министрі  Асхат Аймағамбетовтің бұйрығымен қазақстандық оқушылардың демалысы бес күнге қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

«Күзгі демалыс – 7 күн (25 –31 қазан 2021 жыл); қысқы – 11 күн ( 2021 жылдың 31 желтоқсанынан бастап, 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін), көктемгі – 11 күн ( 21 – 31 наурыз 2022 жыл); 1 сыныптар үшін: қосымша демалыстар – 7 күн ( 7 – 13 ақпан  2022 жыл)», – деп жазылған.

Өткен оқу жылында күзгі демалыс 10 күнге созылса, қысқы және көктемгі демалыс 12 күннен болған. 

Ал жазғы демалыс 2021-2022 жылғы оқу жылында әдеттегідей, 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Демалысты қысқарту жөніндегі құжат 28 маусымға дейін талқыланады.