Өзенді тазалауға 1,5 миллиард доллар бөлінді

Өзенді тазалауға 1,5 миллиард доллар бөлінді
vsegda-pomnim.com

Парижде Сена өзенін тазалап жатыр

Францияда билік Париждің қақ ортасымен ағып жатқан Сена өзенін шұғыл тазалауға көшті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 24 кз сілтеме жасап.

Шара келер жылы осы елде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына байланысты қолға алынған. Мақсат - Сенаны адамдар шомыла алатындай етіп тазарту. Себебі, кей сайыстармен бірге Олимпиаданың ашылуы да осы өзен бойында ұйымдастырылады. Жобаға 1,5 миллиард доллар бөлінген.

– Бұл шара басқа елдерге оң ықпал етеді деп ойлаймын. Өзге қалалар Парижге қарап бой түзейді. Сена өзенінің көрген соң олар да шаһарларындағы өзендерді қалпына келтіре бастайтынына сенімдімін, – дейді Fluidion ұйымының басшысы, ғалым Дэн Анхелеску

"Қала билігі Олимпиада көп жылдан бері жыр болып келе жатқан түйткілді шешушге оң ықпал еткеніне риза. Әйтпесе, өзенді тазалау үшін қомақты қаржы жинап, оны жүзеге асыру үшін әлі талай жыл кетер ме еді", – дейді Дәурен Ақашұлы.