Ғылымды дамытудың әлеуеті: жаңа заң не береді

Ғылымды дамытудың әлеуеті: жаңа заң не береді Сурет: ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» алаңында ғылымның әлеуеті туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.



«Ғылыми қызметкерлер күнімен баршаңызды құттықтаймын. Қазір мемлекет тарапынан ғылыми-техникалық қызметті коммерциаландыруға назар аударылып отыр. Экономика секторында ғылыми жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы ғылым елге бәсекелестік әкелетін жаңа технологиялы өндіріске бағытталатынын айтты», – деді Ақатов.



Вице-министрдің айтуынша, «Ғылым және технологиялық саясат» туралы жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр.



«Ғылым бизнес және өндіріспен ықпалдасып жұмыс істемек. Биыл 2029 жылға дейін ғылым және жоғары білімді дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Ғылымға бөлінетін гранттар жыл сайын жүзеге асырылады. Ғылыми технологиялардың деңгейін тексеретін әдістер әзірленді. Біздің елімізде ғылыми-техникалық пул бар. «Коммерциаландыру туралы» заңы аясында 225 жоба қолдау тапты», – деді ол.



Дәстүр бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ғалымдарына бизнесмендерді, кәсіпкерлерді және әлеуетті инвесторларды нарықта оларды одан әрі коммерцияландыру бойынша мәмілелер жасасу мақсатында ғылыми идеялар мен әзірлемелерге қызықтыру мүмкіндігі ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14