Оятқыш уақытын кейінге шегеру денсаулық үшін зиян

Оятқыш уақытын кейінге шегеру денсаулық үшін зиян
Сурет: Championat.com

Оятқыш шырылдаған бойда бірден тұрып кеткен жөн - ғалымдар.  

Нотр-Дам университетінің нейробиологтары оятқыш алғаш рет безілдеп қоя бергеннен кейін, ұйқыны созып, оның уақытын ұзарта берудің қажеті жоқ екендігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сарапшылардың айтуынша, егер адам оятқыш қоңырауын 5, 10 немесе 15 сайын ұзарта берсе, онда оған ұйқыдан тұрып кету, керісінше, қиындау болады және осылай ұйқысын бұзады. Оятқыш бірінші шылдырлағаннан кейін, ұйқы уақытын тағы ұзартатын болса, ағза қайтадан "ұйықтау" механизмін іске қосады, ал ол одан кейін бірнеше рет үзіледі. 

Зерттеуші Стивен Маттингли 450 адамнан тұратын топты жинап, қайта-қайта үзіп ұйықтаудан кейін олардың өзін қалай сезінетінін зерттеді. Ғалымдар одан мынандай тұжырым шығарған: оятқыш ұйқысынан кейін 5-10 минутқа ұйқыны соза беруден адамның күндізгі уақытта белсенділігі төмендейді, ұйқысыздыққа алып келеді. Осы топты бақылау барысында әйелдердің ер адамдарға қарағанда оятқыштың бірінші қоңырауынан жеңіл тұрып кететінін айтты.