Өткен тәулікте коронавирустан бір адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан бір адам көз жұмды
Сурет: Ашық дереккөз

Төрт науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан (–1 899+ және 152 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 10 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.