Алматы құқық қорғаушылары көше кезіп жүрген жасөспірімдерді ұстады

Алматы құқық қорғаушылары көше кезіп жүрген жасөспірімдерді ұстады
Сурет: Almaty.today

Деректер негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылды.

22 шілде күні Алматыдағы Бостандық ауданы әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия рейд өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кезекті рейд барысында беймезгіл уақытта, яғни түнгі сағат 23.00-ден кейін мақсатсыз көше кезіп жүрген кәмелетке толмаған балалар да белгілі болды.

Анықталған деректер негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Сондай-ақ, шаһарда үнділік «дельта» штамының өршуіне байланысты комиссия мүшелері рейд барысында тұрғындарды көшеде, адам аяғы көп жүретін қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтап, жабық нысандарда бетперде киіп жүруге шақырып, қолды антисептикпен жиі сүртіп жүру секілді ережелерді түсіндірді.

Мамандар осындай қарапайым талаптардың өзі коронавирус індетінен қорғайтынын ұмытпауға шақырды.