Отарда жаппай төбелес орын алды

Отарда жаппай төбелес орын алды
Сурет: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің орын алғанын көрсететін видео тарап жатыр. Автордың айтуынша, төбелес Отар оқу орталығының әскери қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар арасында өрбіген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Press.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым оқиғаның Алматыдағы No30212 әскери бөлімінің аумағында болғанын айтады. Айта кету керек, ҚР Қорғаныс министрлігі бұл мәселеге қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Төбелесті кім шығарғаны әзірге белгісіз. Ал видеоға қатысты пікір білдірушілердің басым көпшілігі әскери қызметкерлерді қолдайды.