Отандық «Күнбағыс» фильмі шетелдік фестивальдерде мойындалды

Отандық «Күнбағыс» фильмі шетелдік фестивальдерде мойындалды
Сурет: Кazakhfilmstudios.kz

Еліміздің кинотуындысы шетелді тәнті етуде

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, Эля Гильманнның режиссерлығымен «Күнбағыс» фильмі 16 бірдей халықаралық фестивальге қатысып, 25-тен астам жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Отандық кинотуынды жақында ғана Францияда өткен Red Movie Awards фестивалінде «Үздік драма» жүлдесін, халықаралық Tokyo International Monthly Film Festival фестивалінде «Үздік режиссер» және Cannes Film Awards  кинофестивалінде «Азияның үздік актері» (актер Еркебұлан Дайыров) жүлделерін, сонымен қатар Paris Film Festival фестивалінде арнайы жүлдені қанжығасына байлады.

 

«Осындай халықаралық деңгейдегі жетістіктерімізбен фильмнің түсірілім тобын, актерлерімізді және «Қазақфильм» киностудиясын құттықтаймын. Бұл - біздің ортақ жеңісіміз. Бүгінгі таңда «Күнбағыс» фильмі Лос-Анджелес пен Байа Калифорния штатында өтетін тағы да екі фестивальдің байқауына ілікті. Сондай-ақ Қытай, Тайланд, Филиппин, Финляндия, Армения және Канадада өтетін фестивальдерден жаңалық күтіп отырмыз. Бүкіл әлем көрермендерінің ықылас-ілтипатына бөленіп, дүниежүзінің кино өнері шеберлерінің жоғары бағасын алған осы бір кинотуындыны түсіргенімізге қуаныштымын»,- деді режиссер Эля Гильман.