Отандық спорттың мақтанышы

Отандық спорттың мақтанышы
kazchess.kz

Қазақстан шахмат федерациясының Нью-Делидегі Гран-при турнирін ұйымдастыру мәселесі жайлы хабарламасы

Қазақстандықтар Нью-Делиде әйелдер арасында шахматтан Гран-при турнирін ұйымдастыру мәселесін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазақстан шахмат федерациясы осы турнирге қатысты барлық мәселелер ФИДЕ мен Үндістандағы турнирді ұйымдастырушыларының құзырында екенін мәлімдеді..

"Федерация өз тарапынан қазақстандық спортшыларға қолдау білдіреді және әлемде әйелдер арасындағы шахмат турнирлерін ұйымдастыру деңгейі арта түседі деп үміттенеді. ҚШФ ФИДЕ және басқа да мүдделі тараптармен орын алған жағдайды талқылауда. Шахматтан еліміздің әйелдер құрамасы отандық спорттың мақтанышы болып табылады. Біздің атақты шахматшыларымыз бір сәттік келіспеушіліктерді шеше алатынына және өз жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуанта беретініне сенімдіміз. Ол үшін федерация барлық қажетті жағдайды жасайды" - деген хабарламада.