Отандық дзюдошы жасөспірімдер Еуропа кубогінде жүлделі орындардан көрінді

Отандық дзюдошы жасөспірімдер Еуропа кубогінде жүлделі орындардан көрінді
Сурет: Egemen.kz

Дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогінде отандастарымыз жүлделі орындарға ие болды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Грузияда өтіп жатқан Еуропа кубогіне 16 елден 300-ден астам спортшы қатысып, бақ сынасқан. 

Дзюдошы Гүлдана Теңелбаева +70 салмақ дәрежесінде бақ сынап, күміс жүлдегер атанды. Спортшы қырғызстандық қарсыласына есе жіберіп алған.

Сондай-ақ 60 келіде белдескен Қанат Нұргелді Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды.