Алматыда карантин жеңілдей ме?

Алматыда карантин жеңілдей ме?
Сурет: Оbjectiv.tv

Бұл жолғы жеңілдік негізінен демалыс күнгі локдаунға қатысты болып отыр.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы шектеу шараларына байланысты жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңа қаулыға сәйкес, Алматыда демалыс күндеріндегі карантиндік шаралар 4 қыркүйектен, ал жұмыс күндеріндегі карантин 6 қыркүйектен бастап жеңілдетіледі.

ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Қол қойылған күннен бастап күшіне енген құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.