Орталық Азия елдері басшыларының бейресми кездесуінен суреттер жарияланды

Орталық Азия елдері басшыларының бейресми кездесуінен суреттер жарияланды
Сурет: Іnform.kz

Орталық Азия лидерлерінің бейресми кездесуінен фотосуреттер жарияланды.

Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуінен суреттер жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аталған суреттерді «Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуі» деген тақырыппен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды», - дейді Берік Уәли.

Сондай-ақ, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Түрікменстанға барғанын хабарлаған болатынбыз.