Орталық Азия медиафорумы Қазақстанда өтеді

Орталық Азия медиафорумы Қазақстанда  өтеді
Cурет: Qazaqstan.tv

Орталық Азия медиафорумы – медиа саласының даму тенденциялары мен перспективаларын талқылауға, тәжірибе алмасуға, аймақтағы БАҚ-ты дамыту мен нығайту үшін жағдай жасауға арналған Орталық Азиядағы жетекші алаң.

Астанада 20-21 желтоқсанда Орталық Азия медиа форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жиынға Нобель және Пулитцер сыйлықтарының лауреаттары, саясаткерлер мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, танымал журналистер мен сарапшылар қатысады. Олар жаңа медианы дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймақтық және жаһандық ынтымақтастық мүмкіндіктері, медиа жұмысындағы жасанды интеллект технологиялары, Орталық Азиядағы креативті индустрияны дамыту, азаматтық қоғам мен іскерлік қатынастарды дамытудағы медианың қазіргі рөлі тақырыбында пікірлерін ортаға салады.

Биылғы медиафорумның хедлайнерлері: әнші Димаш Құдайберген, YouTube-та танымал «D Billions» музыкалық тобы, актер, аты аңызға айналған америкалық боксшы кіші Рой Джонс.

Шара елордадағы Ritz-Carlton қонақүйінде ұйымдастырылады.