Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?
Сурет: Italieonline.eu

Демалыс күндер азайды.

Үстіміздегі жылдан бастап, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, желтоқсан айында болған екі мереке атап өтілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізбесінен алынып тасталды.

Сонымен қатар биылдан бастап Тәуелсіздік күні бір күн - 16 желтоқсанда ғана атап өтіледі. Заңның бұрынғы редакциясында 16 және 17 желтоқсан демалыс күндері болған.

Тиісінше, қазақстандықтардың желтоқсан айындағы демалыс күндері де азайып, 1 және 17 желтоқсан жұмыс күндері болды.

Алайда «қызыл даталарға» жаңа ұлттық мереке - 25 қазан - Республика күні қосылды.