Алматыда іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Алматыда іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды Сурет: Polisia.kz

Іздеу жарияланған қос қылмыскер қолға түсті. 


Күдіктілердің бірі адамға ауыр дене жарақатын салғаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Екіншісі адам тонаған.



«Біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында екі қылмыскерді де ұстады. Қылмыс орнынан қашып кеткен 26 жастағы К. есімді азаматқа біз іздеу жариялаған болатынбыз. Ұстау барысында оның қасында 22 жастағы С. есімді азамат болды. Бұл күдіктіні Жамбыл облысы Қордай ауданы полициясындағы әріптестеріміздің іздеп жатқандығы анықталды. Ол сол жақта адамды тонап кеткен», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.



Оның айтуынша, күдіктілерді ұстау кезінде олардан кесілген шолақ мылтық пен оған арналған патрондар табылып, тәркіленді. Сонымен қатар сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38