Елена Рыбакина Олимпиаданың үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина Олимпиаданың үшінші айналымына өтті
Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастыруда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездескен болатын. 

Екі сетке созылған матчта Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылған. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина - теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.