Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады

Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады
Сурет: Inform.kz

Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәселе Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен Қырғыз Республикалары арасындағы Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі жөніндегі кіші комитеттің жетінші отырысында талқыланды.

«HUB өңірлердің тұтынушыларын контрафактілік және қауіпті өнімдерден қорғайды, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан тауар өндірушілері үшін өзара жеткізілетін өнім экспортын және Азия өңірі елдеріне экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «ҚазСтандарт» РМК бас директоры Ғабит Мұхамбетов.

Сонымен қатар, тараптар айналымдағы өнімді сынау нәтижелерін өзара тану, стандарттарды бірлесіп әзірлеу, метрологиялық қамтамасыз етуді дамыту мәселелерін талқылады.