Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты

Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты
Сурет: Aimak.com.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында  Алматы қаласына жұмыс сапары барысында, оңтүстік астананың білім беруіндегі сапалы өзгерістердің қажеттілігіне тағы да баса назар аударды.

Ол Алматы – заманауи білім берудің барлық жаңа үрдістері мықты дәстүрлермен үйлесуі тиіс, ерекше қала екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ел Президенті айтқандай, бүкіл ел аумағында тәжірибені тарату үшін ең озық оқыту әдістемелерін, үздік тәжірибелер мен жобаларды енгізу үшін эксперименттік алаңға айналуы өте маңызды.

Бұл үшін Мемлекет басшысы атап өткендей, қалада тиісті заманауи инфрақұрылым құрылып, бала іргелі білім алуы үшін, ал мектептегі оқу жылдары оның табысты мансабы мен жалпы әл-ауқатының негізін қалап, оның өміріндегі ең маңызды жылдарға айналуы қажет.

Былтыр біз халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі орта мерзімді бағдарламасын қабылдадық, онда негізгі компоненттердің бірі білім беру жүйесін дамыту болып табылады. Полицентристік дамуға назар аударып біртіндеп біз балаларымыздың табысты әрі жақсы өмір сүру үшін терең білім мен әртүрлі дағдыларды игеруі үшін оларды оқытуға тең және инклюзивті қолжетімділік моделін жүзеге асырамыз.

Әрине, балаларымыздың білім алуына негіз болатын алғашқы кірпіш – сапалы мектепке дейінгі тәрбие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің алдымызға балабақшалардағы кезекті азайту міндетін қойды. Біріншіден, біз бұл мәселенің шешімін жеке бизнесті белсенді түрде тарту деп білеміз. Биыл Алматыда 76 жаңа жекеменшік мектепке дейінгі білім беру орталықтарында 5 330 орынға тапсырыс берілген (қазірдің өзінде 1,5 млрд.теңге сомасына 2 630 орынға – 46 орын). Әрі біз ірі құрылыс салушылармен әлеуметтік әріптестік тетігін дамытып жатырмыз, оның аясында 2025 жылға дейін 2 087 орынға арналған 11 толыққанды балабақша ашуды көздеп отырмыз.

Қаланың мемлекеттік мектептерінде сапалы білім беру үшін басты сын-қатер оқушы орындарының қазіргі тапшылығы болып отыр. Алматы – еліміздің түкпір-түкпірінен жастар жиналған қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Жыл сайын қала халқы 70 мың адамға өсіп, әлеуметтік саладағы сапалы қызметтер жоғары сұранысқа ие.

Оқу жылы басталғанға дейін біз тапшылықты 36%-ға азайттық. Алайда туу көрсеткіші мен халықтың жоғары көші-қоны бұл мәселе ушықтыра түседі.

Жаңа оқу жылында мемлекеттік және жекеменшік мектептерге 34 300 бала қабылданды. Бірінші сыныпқа 12 мыңнан астам бала барған.

Ағымдағы міндеттерді шешу үшін әкімдік 2024-2025 жылдары пайдалануға берілетін 5,2 мың орынға арналған 13 мемлекеттік білім беру ұйымдарын жобалау мен салуды жалғастыруда. Біз жекеменшік мектептерді ашуды қолдаймыз – осы кезеңде 14,4 мың орынға 19 жекеменшік ұйым құруды жоспарлап отырмыз, оның ішінде ірі құрылыс салушылармен меморандумдар аясында – 9 мың орындық 10 мектеп.

Алматыда тапшылық мәселесін түбегейлі шешуде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын тиімді іске асыру болып табылады деп санаймыз, оның аясында 2025 жылға дейін қаланың барлық ауданында 37,1 мың орындық 22 мектеп салынды. Инфрақұрылым салу және жер телімін кеңейту үшін жергілікті бюджетте 19 млрд. теңге қарастырылған.

Осы шаралардың барлығын ескере отырып, 2026 жылдан бастап мемлекеттік мектептердің бір бөлігін бір ауысымдық оқытуға біртіндеп көшіруді көздеп отырмыз.

Алматы қаласында құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету саласы және IT-индустрия саласындағы мамандардың үлкен тапшылығы байқалады.

Сондықтан біз үшін маңызды басымдық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту болып табылады.

Биыл біз техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік тапсырысты 16 500 орынға дейін арттырып, жергілікті бюджеттен 7,8 млрд. теңге бөлдік.

Бұған қоса, биыл біз қалалық тәлімгерлік бағдарламасын енгізу арқылы дуальды білім беру механизмін қайта құрдық. Студенттердің тәжірибе жинауы үшін қала әкімдігі түрлі өндірістегі тәжірибелі шеберлерінің еңбегіне ақы төлеуге қаражат бөлді (анықтама: 80 млн.теңге), бұл білім беру жолындағы педагогтерді ынталандырғаны анық. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту үшін біз 2025 жылға дейін 300 орындық жатақханасы бар және 1440 орындық 2 мемлекеттік колледж салуды жоспарлап отырмыз

Сапалы білім берудің ажырамас бөлігі сыныптан тыс білім беру болып табылады.

Биыл маусым айында Мемлекет басшысының қатысуымен Наурызбай ауданындағы балаларға арналған Инновациялық шығармашылық орталығының ашылуы қаламызға ғана емес, бүкіл республика үшін айтулы оқиға болды. Келесі аптада Алатау ауданында осындай орталық ашылады.

Бұл бірегей нысандар балалардың танымдық демалысының классикалық және заманауи бағытының бірлескен мысалы болып табылады.

Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында біз 2025 жылдың соңына дейін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қосымша білім берудің тағы 5 заманауи орталығын жаңғыртуды және салуды жоспарлап отырмыз.

«Damu bala» платформасында шығармашылық және спорттық тапсырыстарға жергілікті бюджеттен 16,2 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы, 2025 жылдың соңына қарай қабылданып жатқан шаралар есебінен тегін қосымша біліммен қамту 25%-ға дейін өсіп, тегін үйірмелерге қатысатын балалардың санын 60 мыңға дейін артады.

Біздің бүгінгі конференциямыздың балалардың әл-ауқатына арналуы кездейсоқ емес. Мұның негізгі кепілі – сапалы инфрақұрылымды қамтамасыз етудегі шаралармен бірге, дұрыс тамақтану, қауіпсіздік, тасымалдау және басқа да қосымша жағдайлар жасау сынды негізгі қажеттіліктерге байланысты.

Біз бастауыш сынып балаларын тегін тамақпен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. 2022 жылы алғаш рет біздің қала мегаполис мектептерінде бастауыш сыныптар мен әлеуметтік осал топтағы балалар үшін ыстық тамақты ұйымдастырудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Биыл осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 20,4 млрд. теңге қаражат көзделген, тегін тамақпен 133 мыңнан астам оқушы қамтылады.

Биылғы жылы әкімдік Қазақ тамақтану академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп «Оқушылардың денсаулығын басқару» мектеп тағамдарының жаңа моделі пилоттық жобасын әзірленіп жатыр және панельдік сессияда бізді осы тақырып бойынша қызықты әрі танымдық пікірталас күтіп тұр деп сенемін.

Балалардың қауіпсіздігі – бұл балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдығының бірі.

Биыл жыл соңына дейін барлық 206 мемлекеттік мектепте, 8 интернатта және 193 мемлекеттік балабақшада қауіпсіздік жүйесін енгізу аяқталады. Бұл жоба жалпы құны 7,6 млрд. теңге болатын үш жылдық сервистік модель аясында қаржыландырылады.

Алматыда алғаш рет 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 мектепте «Мектеп автобусы» жобасы іске асырылады. Жергілікті бюджет есебінен 100 автобус 5,2 млрд. теңгеге сатып алынды және тасымалдау қызметтеріне 1,4 млрд. теңге бөлінді. 2023 жылы 7,7 мыңнан астам бала қамтылады. Біз бұл жобаны кеңейтуді жоспарладық, келесі жылы 4,8 мыңнан астам баланы қамтитын 11 мектепке тағы 50 автобус сатып алуды көздеп отырмыз.

Балаларымыздың білімде, кәсіп пен қоғамда өз орын табуында сіздердің еңбектеріңіз зор. Биыл алғаш рет Алматыда мектептер мен колледждерде мұғалімдер 28 мыңнан асты, олар білім берудің игі дәстүрін жалғастырады.

Жас мұғалімдерімізді қолдау үшін біз «Алматы Жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету квотасын арттыруды жалғастырамыз. Келесі жылы біз жас мұғалімдер үшін квоталарды ұлғайтуға ниеттіміз.

Сапалы білім беру қызметтерін көрсетудің маңызды элементі біздің педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттыру. Биыл біз екі жылдық тәжірибеге сүйене отырып, басшылар мен мұғалімдерді оқытудың кешенді бағдарламасын кеңейттік. Енді оған орта білім беру мектептерінің менеджерлері мен мұғалімдері ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждер де кірді. Инклюзивті білім беру мұғалімдерінің білімін жетілдіру жөніндегі жоба алғаш рет іске асырылып жатыр, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 7 мыңға жуық адамды қамтитын 1,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл курстар Қазақстан, Сингапур, Ұлыбритания және Швейцарияның жетекші білім беру ұйымдарының базасында өтіп жатыр.