Ораза айт намазы қаншада оқылады?

Ораза айт намазы қаншада оқылады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Айт намазы 10 сәуір – Ораза айт мейрамы күні оқылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазын оқу кестесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана және Шымкент қалаларында айт намазы 10 сәуірде сағат таңғы 7.00-де, ал Алматы қаласында сағат таңғы 6.30-да оқылады. 

Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады.