Оралда шахматтан ORAL OPEN халықаралық турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды

Оралда шахматтан ORAL OPEN халықаралық турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды
Сурет: ашық дереккөз

Орал қаласында шахматтан ҚР кубогының төртінші кезеңі – ORAL OPEN халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарыстың бас төрешісі Валерий Миннің мәлім еткеніндей, тартысты өткен дода қорытындысында жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Турнирдегі рейтинг көшін бастаған америкалық гроссмейстер Ханс Моке Ниманн өзінің шеберлігі жоғары екендігін дәлелдей білді.

Ол 7,5 ұпай жинап, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Сондай-ақ 6,5 ұпайдан жинаған шахматшылар қатарынан үндістандық Сетураман Панаяппан Сетураман және армениялық Мануэль Петросян қосымша көрсеткіштер бойынша үздік үштікке ілікті.

Қазақстандықтардан Ернұр Амангелді 19-орыннан көрінді.