Оңтүстік Кореяда ереуіл басылар емес

Оңтүстік Кореяда ереуіл басылар емес
Cурет: 24.kz

Наразылық акциясы өткен аптада басталды

Оңтүстік Кореяда жүк көлігі жүргізушілері ереуілге шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Олар жанармай бағасының қымбаттауына байланысты жалақы көтеруді талап етіп отыр. Наразылық акциясы өткен аптада басталды. Бұған дейін көлік министрлігі мен кәсіподақ өкілдері келіссөз жүргізген. Алайда бұдан түк шықпады. 

Енді тараптар уағдаластықты жалғастырамыз деп отыр. Оңтүстік Корея электроника мен көліктің әлемдегі ірі импорттаушысы саналады. Сондықтан наразылық акциясы кесірінен жаһандық логистикалық қиындықтар туындады.