Екпе алған студенттерге жеңілдік жасайтын оқу орындары көбейді

Екпе алған студенттерге жеңілдік жасайтын оқу орындары көбейді
Сурет: Рngegg.com

Бұл Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакциналауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы болатын.

Вакцина алған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі кеңейіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір 20 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, бүгінгі таңда тізім тағы 8 университетпен толықтырылды. Осылайша, жоғары оқу орындарының ректорлары қазір күллі әлемде жүргізіліп жатқан вакциналау қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды.

Студенттер мен оқытушыларды вакциналауға ынталандыру үшін қолданылған нақты шаралар мен жоғары оқу орындарының тізімін мына жерден көре аласыздар.