Оңтүстік Корея президентінің әкесі 92 жасында дүние салды

Оңтүстік Корея президентінің әкесі 92 жасында дүние салды
Сурет: Yonhap

Сейсенбі күні Сеулде Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің әкесі Юн Ги Чжун 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Yonhap-қа сілтеме жасап.

Юн Ги Чжун Ёнсе университетінің құрметті профессоры болды және 1973-1997 жылдар аралығында студенттерге қолданбалы статистика пәнінен сабақ берген.

Хабарланғандай, профессор Сеул ұлттық университетінің ауруханасына жатқызылды. Президент әкесінің соңғы демі қалғанша оның қасында болды.
Ресми тұлғалардың айтуынша, Юн Ги Чжунды жерлеу рәсімі Сеулде өтеді.
Жұма күні Юн Сок Ёль Вашингтон маңындағы Кэмп-Дэвидтегі АҚШ Президентінің резиденциясында АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея көшбасшыларының үшжақты саммитіне қатысады деп күтілуде.