Өңірлерде эпидемиологиялық шектеу шаралары алынды

Өңірлерде эпидемиологиялық шектеу шаралары алынды
Сурет: Egov

Қазақстанның барлық аймағы «жасыл» белдеуде тұр.

«Жасыл» аймақтардағы барлық объектілерден эпидемиологиялық талаптар алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ауру белгілері болмаса, пациенттерден, сондай-ақ жүкті әйелдерден, науқас баламен бірге медициналық ұйымдарға жатқызылатын адамдардан, гемодиализдегі пациенттерден, жүкті әйелмен бірге босануға қатысатын адамдардан, мерзімді әскери қызметтен кейін әскери қызметтен босатылған адамдардан, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға ұзақ мерзімді кездесуге келетін туыстарынан ПТР сынағы талап етілмейді.