Өңдеу өнеркәсібі өсіп келеді

Өңдеу өнеркәсібі өсіп келеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының өңдеу өнеркәсібі 20% өсім көрсетті

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты. Биылғы алғашқы 6 айда өңдеу өнеркәсібі саласында өндірілген өнімнің жалпы құны 979,4 млрд теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштің бестен бір бөлігіне көп. 

«Оның [өңдеу өнеркәсібі саласы] өсімі индустриялық аймақтың кеңеюімен, арнайы экономикалық аймақтың дамуымен және жаңа өнеркәсіптік парктердің құрылуымен тікелей байланысты», - деді Берік Солтанбаев. 

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қазіргі уақытта Алматының индустриялық аймағын дамытуға басымдық берілгенін де айтты. Оның аумағында қазірдің өзінде 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан 381,4 млрд теңгеге тең 87 жоба іске асырылуда.