"Омикрон XE" коронавирусының жаңа түрі тіркелді

"Омикрон XE" коронавирусының жаңа түрі тіркелді
Сурет: Interfax.ru

Үндістанның қаржылық астанасы Мумбай қаласында бүгін XE коронавирусының «омикрон» штамының кіші түрін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді.

"Омикрон штамына қарағанда жұқпалы деп есептелетін бұл жаңа нұсқа алғаш рет Ұлыбританияда табылған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жаңа мутация коронавирустың «омикрон» штамының BA.2 қосалқы түріне қарағанда жұқпалылығы шамамен 10 пайызға жоғары. Осы уақытқа дейін коронавирус штамының омикрон BA.2 түрі COVID-19-дың барлық нұсқаларының ішіндегі ең жұқпалысы болып саналып келген.