"Омикрон" штамына байланысты Алматы әуежайында талап күшейді

"Омикрон" штамына байланысты Алматы әуежайында талап күшейді
vlast.kz

Шет елдерде "омикрон" штамының шығуына байланысты Алматы әуежайында күшейтілген санитарлық карантиндік бақылау енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Оның айтуынша, шет елдерден келген әуе жолаушыларына сауалнама жүргізу, термометрмен өлшеу секілді санитарлық карантиндік бақылаудан басқа, олар өздерімен бірге ПТР-сынамасының нәтижесі мен вакцина паспортын әкеледі.

«3 қыркүйектен бастап Алматы қаласына "омикрон" штамы шыққан елдерден 2678 әуе жолаушысы келді. Атап айтқанда, олар Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Египет, Израиль, Италия, Канада, Нидерланды және Чехиядан келді. Аталған елдерден келген авиажолаушылардың 60% - Германиядан келгендер. Жоғарыда аталған елдерден Алматыға келген авиажолаушыларда теріс ПТР нәтижесі болды және олардың арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ», – деді Сәдуақас Байғабылов.