«Омикрон»: АҚШ-та бір адам қайтыс болды

«Омикрон»: АҚШ-та бір адам қайтыс болды
Сурет: Dw.com

Ауруды бақылау мен алдын алу орталығының мәліметінше, «омикрон» штамы бұл елде өршіп тұр.

АҚШ-тың Техас штатына қарасты Харрис округінің 50 жастағы тұрғыны «омикрон» штамын жұқтырған соң қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жергілікті билік өкілдері таратқан ақпаратқа қарағанда, жаңа штамның құрбаны болған ер адам вакцина алмаған.

Джонс Хопкинс университеті инфекция жұқтырған америкалықтар саны 51 млн-ға жеткенін айтты. Ал олардың 807,5 мыңы қайтыс болған. Соңғы бір ай ішінде коронавирусқа 3 млн-нан астам адам шалдыққан.