"Omicron" Coronavirus штамының микросуреті жарияланды

"Omicron" Coronavirus штамының микросуреті жарияланды
Сурет: Gazeta.ru

Зерттеушілер суретті жақындатқанда, кішкентай қара вирустық бөлшектерден тұратын ісінген көпіршіктері бар жасушалардың зақымдануы көрсетілгенін түсіндірді.

Гонконг университетінің мамандары электронды микроскоптың көмегімен алынған "оmicron" коронавирус штамының суретін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Известия» сайтына сілтеме жасап.

Медицина ғалымдары, соның ішінде патологтар мен вирусологтар, маймылдың бүйрек жасушасының SARS-CoV-2 "омикрон" штамы инфекциясымен зақымданғаннан кейінгі (Vero E6) фотомикрографиясын түсіріп, суретті кішкене және үлкен көлемде шығарды.

Бұл туралы бүгін жарияланған оқу орнының мәлімдемесінде айтылған.

Микросуретте "оmicron" coronavirus штамын жұқтырған маймылдың бүйрек жасушасы көрсетілген.

Бұған дейін 27 қарашада итальяндық ғалымдар жаңа "оmicron" штамының масақ протеинінің әлемдегі алғашқы бейнесін ұсынған болатын. Bambino Gesù ауруханасының өкілі мамандар коронавирустың жаңа мутациясын «қайта құрастырып», оны «дельта» нұсқасымен салыстырғанын айтты.

Суретте екі штамның екі ақуызы көрсетілген. Сонымен, «дельтада» 18 мутацияланған аминқышқылдарының қалдықтары болса, «омикрон» нұсқасында олардың 43-і бар екен.