Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды

Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды
Olympic.kz

Араға 14 жыл салып, қытайлықтар қысқы ойындарды өткізуде.

Олимпиада «Жылдамырақ, биігірек, мықтырақ - біргеміз» деген ұранмен өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды. 

Соңғы рет Қытай елі 2008 жылғы Жазғы Олимпиаданы қабылдаған болатын. Осылайша, Жазғы және Қысқы Олимпиаданы қабылдаған алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалмақ. 

Ашылу салтанатын қоюшы режиссер – әйгілі Чжан Имоу. 2008 жылғы Жазғы ойындардың ашылу салтанатын да Имоу ұйымдастырған болатын. 

Осы жолы ковидке қарсы шараларды сақтау барысында қойылымға қатысушылар саны мейлінше қысқарды. Шоуға 3 мың актер қатысады. 

Әрбір Олимпиаданың ең маңызды сәттерінің бірі – Олимпиада алауы жағылатын сәт. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алауды жағу рәсімі соңғы 100 жылда болмаған әдіспен орындалмақ. 

Олимпиада «Жылдамырақ, биігірек, мықтырақ - біргеміз» деген ұранмен өтуде. 

2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 34 спортшы қорғауда. Еліміздің көк Туын Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова алып шықты.