Нұр-Сұлтанда крематорий құрылысы басталды

Нұр-Сұлтанда крематорий құрылысы басталды
Cурет: Ашық дереккөз

Әкімдік нысан құрылысына қанша қаражат қажет екендігін жария еткен жоқ

"Нұр-Сұлтан қалалық құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Биологиялық және медициналық қалдықтарды жоятын патологоанатомиялық бюро" нысаны бойынша қүрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сай жүргізілуде. Бүгінде нысан қазандығын қазу жұмыстары басталды", - деп атап өтті елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әкімдік нысан құрылысына қанша қаражат қажет екендігін жария еткен жоқ. Бірақ крематорийдің Алматы ауданында салынып жатқанын атап өтті, деп жазады ҚазАқпарат.