Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түсіне боялды

Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түсіне боялды
Сурет: Paryz.kz

Канада мен АҚШ-тың шекарасында орналасқан әйгілі Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түсіне боялды.

Осылайша Республика күнінде мыңдаған турист әлемдегі ең көрікті жерлерінің бірінен еліміздің байрағын тамашалады. Арнайы жарық беру құрылғылары арқылы көк сары түске енген сарқыраманың ерекше бейнесі бір сәтке туристерді тәнті етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар, Республика күніне орай Канаданың екі бірдей қаласында Қазақстан туы көтерілді. Торонтода және алғаш рет Калгари қаласында көк байрағымыз желбіреді.Бұл шаралар қос мемлекеттің арасындағы жоғары дипломатиялық қарым-қатынастың айқын көрінісі іспетті.

АҚШтың мегаполисі Нью-Йоркте де еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағы көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға қала мэрі Эрик Адамс қатысып елімізді мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Геннадий Головкиннің жанкүйерлері, қазақстандық студенттер мен отандастырмыз да келді.

«Нью-Йорктегі қазақтар қауымдастығы ұйымшыл әрі мықты бизнес иелері. Олар отбасылық құндылықты жоғары қоятын, қоғамдық қауіпсіздікке үлкен мән беретін тамаша азаматтар. Сондықтан туды көтеріп құрмет көрсеткенімізге қуаныштымыз», - дейді Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс.