Биылғы жылдың үздік кітапханашысы анықталды

Биылғы жылдың үздік кітапханашысы анықталды
Сурет: Gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Көкжиек-Горизонт» баспасымен бірлесіп ұйымдастырған «Үздік кітапханашы-2023» байқауының қорытындысы шығарылды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленді. «Үздік кітапханашы-2023» байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1300-ден астам кітапханашы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды: 1 орын – Қостанай облысындағы мектептің кітапханашысы Римма Егороваға; 2 орын – Павлодар қаласындағы № 7 ОБМ КММ кітапханашысы Гүлжан Тукеноваға; 3 орын – «TAMOS EDUCATION физика-математика мектебінің» кітапханашысына бұйырды. Еске салайық, ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленген. Бүгінде мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылуда. Бұдан басқа, биыл Оқу -ағарту министрлігі жалпы білім беретін мекемелердегі 2165 кітапханашының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлауда.