Наурызбай ауданында бірнеше сағат бойы суық су болмайды

Наурызбай ауданында бірнеше сағат бойы суық су болмайды
Сурет: Informator.ua

Мамандар уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Алдағы күндері Алматының Наурызбай ауданында суық су болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«29 маусым күні сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Наурызбай ауданының Кенесары хан көшесіндегі тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда, соның ішінде «Хан Тәңірі» ТК, «Асқар тау»ТК суық су болмайды. Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер сумен жабдықтау желілеріндегі технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі үшін енгізіледі», - делінген «Алматы Су» МКК баспасөз қызметінің хабарламасында.