Наурыз мерекесі он күн тойланады

Наурыз мерекесі он күн тойланады
Сурет: 24.kz

Биыл Ұлыстың ұлы күні жаңаша тойланады.

14 мен 23-ші аралығында Наурызнама он күндігі белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал осы мерекенің логотипі ретінде «қызғалдақ» гүлі таңдалды. Ертеңнен бастап күн сайын еліміздің барлық өңірінде тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. 14-ші наурыз көрісу күні, 15-сі қайырымдылық күні, 16-сы мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, 17-сі шаңырақ күні, 18-ші наурыз ұлттық киім күні. Ал 19-ші наурыз жаңару күнінде көктемгі ағаш егу науқанын жалғастыру ұсынылды. 20-сы ұлттық спорт күні деп белгіленді. Бұл күні бәйге, көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу жарыстары ұйымдастырылады. Республика бойынша ұсын саны 10 мыңнан астам мәдени іс-шара өтеді. Ал басты мерекелік концерттер 21-22-ші Наурыз күндері Астана қаласының ЭКСПО аумағында болады.

«14 мен 23 наурыз аралығында Наурыз базарлық жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар, жеңілдіктер қарастырылуы жоспарланып отыр. Ал наурызнаманың қорытынды күні Жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңіа үмітпен қарсы алудың символы ретінде 23-ші наурызды тазару күні етіп жарияланады. Бұл күні жалпыұлттық экологиялық акция өтеді», - дейді  ҚР МАМ мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев.