Наурыз-бірлік пен татулықтың мерекесі

Наурыз-бірлік пен татулықтың мерекесі
almaty-akshamy.kz

Наурыз - Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, ежелгі заманнан қалыптасқан жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай.

Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың мерекесі ретінде тойланған. Біздің еліміз көп ұлтты болғандықтан халықтың бірігіп тойлайтын – бірлік, достық, бейбітшілік мейрамы. Наурыздың мағынасы-наурыз парсыша «нау»(жаңа) және «руз» (күн) деген ұғымдарды білдіреді. Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы, көктемнің басы. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі.

Наурыз мерекесі - бұл көктем мерекесі ғана емес қазақ халқының Жаңа жылы болып келеді. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін ерекше бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды дәстүрге айналдырған. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-бірыне деген ренішін ұмытып, кешірім жасап, жақсы тілектер айтып, табысып, жаксылық тілеген.

Наурыздың дәстүрлі тағамы - Наурыз көже. Қазақстанның халқы жеті түрлі дәмнен наурыз көже жасап Ұлыстың Ұлы күнің тойлайды. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейын ішім - жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын алған.

Халық жаңа киімдерін киіп бір – бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтқан. Мереке күні алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылған. Ұлттық ойындар көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу тағы басқа ойындар ойналады.

Қорыта айтқанда бұл мереке біздің еліміздің тәуелсіз екенімізді, әрі көп ұлттың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын білдіреді. Қазақстанда тұрып жатқан барша халықты бауырмалдыққа, әдептілікке шақырады. Осындай қарым-қатынас ұзағынан болып, еліміз әлемдегі ең бай елдердің қатарында болса екен деп тілеймын